Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды – Қаржы министрлігі

9 Қыркүйек, 2016 11:03
Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентінің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды, жергілікті -96 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджет бойынша көрсеткіштер 97,1 пайызды құрады, ол өткен жылғыға қарағанда 0,4 пайызға төмен.  Бұл көрсеткішке  күзде жетеміз. Бюджеттің жаңғыртылған әсері өсуде», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2016 жылы  1 трлн теңге 700 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға салынды.

«Бюджетті нақтылау кезінде бұл әсерді жаңа инвестициялармен толықтырамыз. Алдағы жылдары ЖІӨ шығыны біраз төмендейді, ол бюджеттен емес, жеке серіктестіктен жүзеге асырылады. Астанадағы жеңіл рельсті көлік, Үлкен алматы айналмасы мен өзге көліктік жобалар  мемкепілдік механизмі арқылы жүзеге асыру, демек мемлекеттік жеке меншік серіктестік арқылы орындау қарастырылған», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар