Б.Сұлтанов: Биылғы жылдың 8 айында бюджетке 4 трлн теңге түсті

9 Қыркүйек, 2016 10:51
Есептік кезеңде мемлекеттік бюджеттің кірісі 25 пайызға артық орындалды. Бюджетке 4 трлн теңге түсті, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Есептік кезеңде мемлекеттік бюджеттің кірісі 25 пайызға артық орындалды, ол 800 млрд теңгеден артық.  Бюджетке 4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 1,2 трлн теңгеге немесе 40 пайызға көп. Бұл дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономика алып жатқан қолдаулардың нәтижесі. Бірқатар ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралар өткізілді», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, жарты миллион декларация сараптамасынан кейін 85 мың бюджетке өз еркімен жолданып, 11 млрд теңге үстінен төленді.

«Жалпы, салық-бюджеттік сала екі маңызды сәтті еске салады. Біріншіден,  еңбек ақысынан салық төдеу 16,5 пайызға өсіп жатыр.  Бұл еңбекпен қамту саласында оң нәтиже көрсетіп жатқандығы белгілі. Екіншіден, шикізаттық емес салада өсу байқалып отыр, ол 32 пайызды құрады. Жергілікті және республикалық бюджет өткен жылға қарағанда өсімді көрсетеді», - деді Б.Сұлтанов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар