Батыс Қазақстанда 180 отбасы қоныс тойын тойлады

10 Қыркүйек, 2016 10:34
Зашаған кентінде Қала күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойының аясында əрқайсысы 90 пəтерлік бес қабатты қос үй – барлығы 180 пəтер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

“Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамыту жəне “Өңірлерді дамыту-2020” мемлекеттік бағдарламалары бойынша “СВ плюс” ЖШС (С.Өтебалиев) салған екі бөлмелі 90 пəтерге “Жас отау” бағдарламасы бойынша жас отбасылар қоныстанса, “Алтим” (Г.Стародубцев) ЖШС құрылысын жүргізген 30 бір бөлмелі, 30 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі сыңғырлаған жаңа 90 пəтерге тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар мен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшылары қол жеткізді.

Жаңа қоныс иелерінің қуанышын бөлісіп, құтты болсын айта келген облыс басшысы Алтай Көлгінов жиналғандарды Қала күні мерекесімен жəне ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық тойымен құттықтап, пəтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, 2010-2015 жылдар аралығында Орал қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы ауданы 155,41 мың шаршы метр болатын 26 тұрғын үй салынды. Соның ішінде 8 үй кезектегі адамдар үшін және 18 үй «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкісі» АҚ салымшылары үшін. Барлығы 2732 пәтер.

2016 жылы мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қала бойынша 2066 пәтерді құрайтын 20 үйдің құрылысы жүргізілуде, соның ішінде 7 тұрғын үй 2017 жылы аяқтау жоспарланған

2016 жылы жалпы сомасы 10 млрд теңгеге жалпы ауданы- 81.77 мың шаршы метрді құрайтын 13 тұрғын үй тапсыру және қоныстандыру жоспарланған, бұл рекордты көрсеткіш, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 9 тұрғын үй тапсырылады. Соның арқасында кезекте тұрған 986 азамат пәтермен қамтамасыз етіледі.

Жалпы 2016 жылы 1427 пәтер тапсыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде Орал қаласының 5 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соның ішінде Тұрғын үй жинақ банкінің салымшылары үшін – 3 үй, 306 пәтер; жас отбасылар үшін – 2 үй, 180 пәтер; кезектегі адамдар үшін – 1 үй, 180 пәтер; «НУХ «Байтерек» АҚ бағдарламасы аясында (кезектегі адамдар үшін) – 6 үй, 617 пәтер; мемлекеттік – жекеменшік серіктестігі бағдарламасы аясында (апатты үйлер) – 1 үй, 90 пәтер қарастырылған.

Барлық жаңалықтар