• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Экспресс Жібек жолы» пойызымен Германия мен Швейцариялық туристер Маңғыстауға келді

«Экспресс Жібек жолы» пойызымен Германия мен Швейцариялық туристер Маңғыстауға келді

9 Қыркүйек, 2016 10:13
Маңғыстауға «Экспресс Жібек жолы» пойызы Германия, Швейцариялық 30 турисімен Маңғыстау станциясына келіп жетті, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанға келген алғашқы саяхатшылар мінген «Жібек жолы» туристік пойызы Маңғыстау облысын таңдапты.

Туристерді вокзалда  «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ – «Маңғыстау бөлімшесі ЖТ» бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов бастаған теміржолшылар мен жергілікті халық қонақжайлықпен қарсы алды.

Маңғыстаулық құрметті теміржолшы Табылды Әміров қонақтарға Қазақстандағы Еуропаға шығатын бірден-бір теңіз қақпасы болып табылатын Ақтау айлағы мен Құрық портының болашағы, қарт түбектің  бай ресурстарымен, тарихи ескерткіштерімен ерекшеленетінін әңгімелеп, саяхатшылардың  демалысын көңілді өткізетініне сенім білдірді.   

 Туристердің басын қосқан бұл жобаны неміс компаниясы «Лерн» ұйымдастырып отыр. Жобаның мақсаты – Азия елдерінің мәдениеті мен Ұлы Жібек жолын еуропалықтарға таныстыру.

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова  Маңғыстау  түбегіне соңғы кезде шетелдіктердің   қызығушылығы  арта түскендігін айтады.

Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында ғана  облысқа барлығы 80525 шетелдік келген. Қыркүйектің ішінде екінші топпен тағы  65 саяхатшының  келуі күтіліп отыр.

Саяхатшылар кең –байтақ Қазақстанды аралауға темір жол көлігін қолайлы көретіндігі байқалады.

Барлық жаңалықтар