Виктор Родионов: «Болашақ» – теңдессіз білім алудың бірегей жолы

3 Желтоқсан, 2013 10:00
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы – қазіргі заманға сай теңдессіз білім алудың бірегей жолы, дейді бағдарлама түлегі, ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінің Сараптама және стратегиялық жоспарлау департаментінің мемлекеттік саясатты жеделдету бойынша басқарманың бас сарапшысы Виктор Родионов «strategy2050.kz» порталына берген сұхбатында.

- «Болашақ» бағдарламасының сіздің өміріңіздегі орны қандай?

- Бұл, ең алдымен, кісінің жеке басы мен кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманның теңдессіз білім алуға таптырмас жол дер едім.

- Байқауға қатысуға не түрткі болды?

- Байқауға қатысуым таңдап алған мамандығым бойынша жоғары білім алуға деген құлшыныстан туындады. Бакалаврда оқып жүрген кездің өзінде мен демографиялық даму мәселесіне ден қойып, қызығушылық таныта бастадым. «Демография» мамандығы сол кездері аталмыш бағдарламаның ең көп мән берген салаларының бірі еді.

- Оқу кезінде қандай да бір қиындықтармен бетпе-бет келген кездеріңіз болды ма?

- Жалпы, оқу мен үшін аса ауыр қиындықтар тудыра қоймады. Қазіргі кезде университеттегі ұстаздарымды, жетекшілерімді, курстастарымды сағынышпен еске аламын.

- Оқуды аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу жағы қалай болды?

- Оқуды тәмамдағаннан кейін мен мемлекеттік қызметте бағымды сынап көрмек болдым. Кадрлық резервке қабылданғаннан кейін Ақпарат және мәдениет министрлігіне жұмысқа шақырту алдым. Мен өзімнің алған білімімді қазір қолданып жатырмын деп ойлаймын, өз жұмысымды сүйіп атқарудамын деп айта аламын.

- Кейінгі болашақтықтарға қандай тілегіңіз бар?

- Алға қойған мақстаттарыңызға жетіп, оқуды сәтті аяқтаңыздар деймін.

 

Барлық жаңалықтар