Қазақстанда ауа сапасын басқару саясатының сараптамасы талқыланды

9 Қыркүйек, 2016 09:16
ҚР Энергетика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қолдауымен ҚР Энергетика Вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековтың төрағалығымен «Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенция шеңберінде ауа сапасын басқару және Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасына қатысты бағалау және ұлттық саясатты талдауды талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі хабарлағандай,  іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен    ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

2001 жылы Еуропаның ауа сапасын басқару және оны мониторинг жасау шеңберіндегі ең табысты өңірлік келісімдердің бірі болып табылатын Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенциясының тарабы ретінде Қазақстан қосылды. Конвенция ауаның ластануына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жалпы қағидаттарымен қатар, сондай-ақ ғылым мен саясатты біріктірілген институционалдық құрылымын бекітті. Ол халықаралық экологиялық құқықтың тағайындауына елеулі үлес қосқан және ауаның трансшекаралық ластануынан қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияндығын қысқарту және бақылайтын құрылым құрды.    

Дөңгелек үстелге қатысушылары БҰҰ ЕЭК дайындаған ауа сапасын басқаруда және бағалауға қатысты Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасын және талданған саясатын, сондай-ақ Алыс қашықтықта ауаның шекарааралық ластануы туралы Конвенцияны жүзеге асыруындағы алдағы қадамдары талқыланды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша Алыс қашықтықта ауаның шекарааралық ластануы туралы конвенцияға хаттамаларды ратификациялау және ең озық қолжетiмдi технологияларды енгізу жөніндегі нақты жоспарларын қабылдау үшін ұсынымдар жасады.

 

Барлық жаңалықтар