Қазақстан Риодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы алтынын алды

9 Қыркүйек, 2016 08:57
Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді жүзуден Зульфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты, деп хабарлады Паралимпиадалық комитет.

Ақпарат бойынша, Зульфия Габидуллина Азия ойындарының жеңімпазы,  әлем чемпионы. Спортшы  әлемдік рейтингте үздік жүзушілердің қатарына енеді. Оның қоржынында  5 әлемдік рекорд, оның ішінде Риодағы Паралимпиада ойындарындағы жетістігі бар.

Айта кетейік, барлық жарыстар 2016 жылдың 17 қыркүйегінде аяқталады. 18 қыркүйекте Риодағы паралимпиада ойындары жабылады.

Барлық жаңалықтар