Мемлекет басшысы ҰҚК-нің жаңа төрағасы К.Мәсімовті таныстырды

8 Қыркүйек, 2016 17:49
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен кездесу барысында В.Жұмақановтың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты төраға қызметінен босатылатынын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы К.Мәсімовті таныстырып, Үкімет жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретінін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар