• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 8,5 млн тонна көлемінде астықты экспорттауды жоспарлап отыр (ФОТО)

Қазақстан 8,5 млн тонна көлемінде астықты экспорттауды жоспарлап отыр (ФОТО)

8 Қыркүйек, 2016 17:24
Қазақстан алда болатын маркетингтік жылы (2016 ж шілде- 2017 жыл маусым) 5 млн тонна көлемінде астықты экспорттауды жоспарлап отыр, деп «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ төраға орынбасары Сәбит Кәшкімбаев ҚР АШМ-да Егіннің ағымдағы жағдайы тақырыбында өткен брифинг барысында мәлім етті.

«Жалпы түсімді ескере отырып, біз 8,5 млн тонна көлемінде экспорттауды жоспарлаудамыз, сонымен қатар, орталық Азия – бұл біздің ұлттық нарық: 4,2 млн тонна-Ауғаныстан, 1,8 млн-Иран, шамамен 500 мың тонна-Қытай, 500 мыңға дейін-Әзірбайжан, Грузия-200 мың, Ресей-900 мың тоннаға дейін»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, әлемдік нарыққа шамамен 400 тонна экспортталады.

«Ағымдағы болжамдық астықтың балансы ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етеді және жоғары деңгейде экспорттық әлеуеттә сақтап қалады»,-деді ол.

Сонымен қатар, астыққа қойылған бағаларды айтып өтті.

«3 класстағы бидайдың тоннасына 41 000-нан 50 000 теңгеге дейін, 4 класс-34 000-нан 36 000  теңгеге дейін, бидайдың 5 классына – 30 000 теңге және 25 000 теңге 2 класстағы арпаға»,-деді ол.

Өз кезегінде ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі Қайрат Айтуғанов ағымдағы жылы бидайдың сапасы төмен екендігін айтып өтті.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар