Ақтауда жаңа жағалау ашылды

3 Желтоқсан, 2013 09:15
Тұңғыш Президент Күніне орай Ақтауда жаңа теңіз жағалауы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мерекеде ақтаулықтар дәл осы жерге жиналып, отбасымен бірге қыдырды. Нысанның ашылуына облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысып, халықты мерекемен құттықтады», - делінген хабарламада.

«Классикалық үлгіде салынған жағалау теңізге ерекше көрік беріп тұр. Жағалауды көркейту қыркүйекте қолға алынған болатын. 23 мың шаршы метр аумаққа топырақ пен тас төселіп, жер тегістеліп, үсті бетонмен жабылды. Көше шамдары орнатылып, 70-тен астам орындық қойылды. Жағалау толықтай абаттандырылды», - делінген ақпаратта.

Каспий теңізінің жағалауын абаттандыру үш кезең бойынша іске асырылып жатыр. Алдыңғысы хайтек стилінде болса, ендігі ашылған жағалаудың сәулеті классикалық үлгіде. Жақын арада теңіз жағасы ұлттық нақыштармен әспеттелмек.

Тұңғыш Президент күні жағалауда спорттық ойындардан жарыс пен концерт өтіп, түрлі ұлт өкілдерінің көрмесі ұйымдастырылды.  

Барлық жаңалықтар