К.Мәсімов ҰКК төрағасы қызметіне тағайындалды

8 Қыркүйек, 2016 16:28
Мемлекет басшысы «К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«1. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын.

2.Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

3.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.

4.Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлықта. 

Барлық жаңалықтар