• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы және Ақтөбе облыстары аймақаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастарды табысты дамытуда

Алматы және Ақтөбе облыстары аймақаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастарды табысты дамытуда

8 Қыркүйек, 2016 20:07
Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Ақтөбеге Алматы қаласының бизнес-делегациясы келді. Оның құрамына ірі өнеркәсіптік компаниялардың басшылары, банк секторы, сонымен қатар, әртүрлі желілердің өкілдері кірді. Делегацияны Алматы қ. әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов басқарды.

Ақтөбе облысының әкімідігінде айтып өткендей, сапардың негізгі мақсаты – аймақаралық байланысты іздеу мен орнату, географиялық өнімдерді жеткізуді кеңейту, сондай-ақ, тәжірибемен, ақпаратпен бөлісу.

Делегациясының өкілдері жергілікті өндіріске үлкен қызығушылық көрсетіп, өндірістік нысандардың бірқатар қызметімен танысты, сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешеннің нысандарымен танысты. Қонақтар «Ақтөбе» индустриалдық алаңынд болып қайтты және «В2В» форматында бірқатар кездесулер өткізді.

Алматылық делегацияның кездесу қортыныдысы бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткізілді.

Облыс әкімі сөз барысында аймақта аймақаралық кооперацияны дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жасалып жатқандығын айтып өтті.

«Біз Қазақстанның 6 өңірімен шекараласпыз, сонымен қатар, Ресей және Өзбекстанмен»,-деді аймақ басшысы.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері Алматыдан Ақтөбе облысына шамамен 800 тоннадан астам қант, 60 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шәй және оның жалпы құны 230 млн теңге болатын өнімдері жеткізілді. Өз кезегінде, Алматы қаласына ақтөбелік компаниялар 566 тонна сүт өнімін, 100 тонна ұн, 1000 тонна сұйық май, 3 тонна шұжық өнімдерін, 50 тонна жылыжай көкеністерін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар