- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат заң жобаларының қаралу сапасына ерекше мән береді – Қ.Тоқаев
Сенат заң жобаларының қаралу сапасына ерекше мән береді – Қ.Тоқаев
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент қарауына институционалдық реформаларды одан әрі қамтамасыз етуге және кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыруға бағытталған 50-ге жуық заң жобасы келіп түсетінін айтты. Бірнеше заң жобасы жоспардан тыс енгізілетін болады.
Олардың ішінде еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, қысқа мерзімде қабылдауды қажет ететін заңдар да бар. «Біз, әрбір заң жобасын мұқият талқылап, қабылданатын заңдардың сапасына ерекше мән беріп, Үкіметпен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Бұл ретте, Елбасының нақты тапсырмасы бар», - деп атап өтті Төраға.
«Жаңа парламенттік маусымда біз қабылданған заңдар бойынша халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарына ден қоятын боламыз. Елбасы айтқандай, «заңды қабылдаудың қажеттілігі мен барлық логикасы қазақстандықтарға түсінікті болуы маңызды», - деді Қ.Тоқаев.
Осыған байланысты Сенат басшысы әріптестерін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты одан әрі жетілдіруге, заңдардың ерекшеліктерін түсіндіруге, сондай-ақ өңірлерге сапар барысында қабылданған заңдарды халыққа түсінікті түрде насихаттауға айрықша мән беруге шақырды. Отырыс барысында Бюро мүшелері 15 қыркүйекте болатын Сенат отырысының күн тәртібін талқылады. Палата, атап айтқанда Алматы облысынан сайланған сенатор Нұрлан Қылышбаевты Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайлау туралы мәселені қарайды. Одан басқа, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері қызметтеріне Сенат Төрағасы ұсынған Александр Горияинов пен Талғат Жақанның кандидатураларын талқылау Қаржы және бюджет комитетіне тапсырылды.
Сенат отырысының күн тәртібіне Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да енгізілді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасына бас комитет болып белгіленді.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер