• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда адам басына аңшылық қаруды алу 10-нан 4 бірлікке дейін шектеледі

Қазақстанда адам басына аңшылық қаруды алу 10-нан 4 бірлікке дейін шектеледі

8 Қыркүйек, 2016 14:51
Қазақстанда адам басына аңшылық қаруды алу 10-нан 4 бірлікке дейін шектеледі. Ол қару иелерінің қылмыстық әрекеттерді жасауын азайтады, деп ҚР ІІМ вице-министрі Рашид Жақыпов ҚР Мәжіліс Парламентінде экстремизм және терроризммен күрес мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында мәлім етті.

«Адам басына аңшылық қару 4 бірлікке дейін ғана болу ұсынылады»,-деді вице-министр.

Оның айтуы бойынша, аталмыш шектеу қаруды ұрлауды қысқартады, сонымен қатар, қылмыстық істер жасалуды қысқартады.

Р. Жақыповтың айтуы бойынша, аталмыш тыйымның енгізілуі кәсіби аңшылық, аңшылықпен айналысатын тұлғаларға әсер етпейді.

Айта кетейік, бүгінгі күні ҚР-да қаруы бар адамдардың саны 210 мыңға жетті. Оларда аңшылық қарудың 270 мыңнана астам бірлігі бар.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар