- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы адамдарды емдеудің 130-дан астам хаттамасын қабылдады
ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы адамдарды емдеудің 130-дан астам хаттамасын қабылдады
Олардың қорытындысы бойынша сырқаттанған адамдарды емдеу, оңалту мен диагностикалаудың 134 клиникалық хаттамасы қабылданып, 18 медициналық технология (кардиология, онкология, офтальмология, нейрохирургия, гастроэнтерология саласындағы емдеу тәсілдері), сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 3 стандарты мақұлданды (оториноларингологиялық және сурдологиялық, стоматологиялық, патологоанатомиялық диагностика мен клиникалық цитология).
Жоғарыда аталған клиникалық хаттамаларды әзірлеуге кәсіби медициналық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
ҚР ДСӘДМ-нің клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша қызметін медициналық бірлестіктерге беру мақсатында дәлелді медицина, клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен енгізу мәселелері бойынша кәсіби бірлестіктердің 204 өкілі оқытылды.
Естеріңізге сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 82 қадамын орындау мақсатында 2015 жылдың 30 қарашасында Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіби бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері кіреді. Комиссияны құрудағы негізгі мақсат - емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау.
Комиссия бірінші кезеңде ҚР ДСӘДМ жанындағы ұсынымдар жасайтын консультативтік-кеңестік орган ретінде қызмет ететін болады. Екінші кезеңде комиссия өз құзыреттілігі шеңберінде шешім қабылдай алатын, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау, медициналық білім беру саласындағы, дәрілермен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер қолжетімділігі стандарттарын әзірлейтін, сонымен қатар, оның жүзеге асырылуын бақылап, бағалайтын орган болмақ.
Сонымен бірге, жаңа орган медициналық қоғамды азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге шақыратын болады. Бұл мақсатта Комиссияны өзін өзі реттейтін ұйымға өзгерту жөнінде Жол картасы жасалып, бекітілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар