- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Иорданияға қазан айында барады
Н.Назарбаев Иорданияға қазан айында барады
Аталған келiсiм ауыл шаруашылығы, фармацевтика, бизнес, қауiпсiздiк, стандарттау мен метрология, бiлiм-ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, қайта қалпына келетiн энергия, мұнай-газ саласындағы уағдаластықты қамтыған. Атап айтсақ, денсаулық сақтау бойынша фармацевтiк өнiмдер мен олардың тiркелiмi бойынша ақпарат алмасуға келiсiм жасалды. Бұл ретте, Қазақстан тарапы иордандық студенттерге медицина саласы бойынша бакалавриатта оқуға арнайы гранттар бөлу мәселесiн қарастыратын болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың қазанында Иордания королдігіне ресми сапармен барады деп күтілуде. Сондай-ақ, ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгiн елордада қос елдiң өкiлдерi қатысатын бизнес-форум өтедi.
Атап өтсек, қос елдiң үкiметаралық комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордан Хашимит Корольдiгiне 2006 жылы жасаған ресми сапары барысында Иордан Королi Абдалла II бен Әл-Хусейнмен бiрлесiп, екi жақты келiсiм негiзiнде құрылған болатын және өзара дипломатиялық-iскер байланыстарды арттыру үшiн Iскерлiк кеңес жұмыс жасай бастады. Сол уақыттан берi екi мемлекеттiң арасындағв саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың деңгейi жоғарылап, Мемлекет басшыларының бiрнеше кездесуi өттi.
Қазiргi таңда Иордания Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы ең жақын әрi сенiмдi одақтастарының бiрi. Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика, әскери-техникалық ынтымақтастық және туризм салалары елдер арасындағы әрекеттестiктiң негiзгi бағыттары болып белгiленген. Қазақстан мен Иордания арасындағы екiжақты сауда айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 806,5 мың АҚШ долларын құрады. Оның iшiнде қазақстандық экспорт 14,8 мың АҚШ долларын құрап, импорт 791,7 мың АҚШ доллары көлемiне жеттi.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды