• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда күзет құрылымдарының формасын заңсыз қолданғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда күзет құрылымдарының формасын заңсыз қолданғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізіледі

8 Қыркүйек, 2016 12:43
Қазақстанда күзет құрылымдарының формасын заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деді Парлаент Мәжілісінде экстремизм мен терроризм заң жобасының таныстырылымында ІІМ вице-министрі Рашид Жақыпов.

«Әрекеттегі заңға сәйкес,күзет құрылымдары үшін арнайы киім әзірленді. Күзет құрылымдары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар құзыреттілікке ие. Сондықтан да күзет құрылымдарының киімін заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі», - деді вице-министр.

Р.Жақыпов айтып өткендей, Қазақстанда бұрын-соңды ондай жауапкершілік болмаған.

«Бізде құқыққорғау органдарының ресми киімін қолданғаны үшін жауапкершілік бар,  күзет құрылымсы бойынша мұндай тәртіп алғашқы рет енгізілмек», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар