- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ірі қылмыстың алдын алу үшін байланыс пен интернетті бұғаттау қарастырылған
ҚР-да ірі қылмыстың алдын алу үшін байланыс пен интернетті бұғаттау қарастырылған
"Сондай-ақ ұялы телефондары саудасын тәртіпке келтіру мақсатында IMEI-коды бірдей телефондарды республика территориясына әкелуге тыйым салу қарастырылған. Ол үшін ел аумағында қолданылып жүрген барлық құрал-жабдықтардың IMEI-код базасын құру жоспарланып отыр. Соның бәрін абоненттер нөмірлерімен тіркеуге алу қажет. Осының арқасында құқық қорғаушылар шұғыл әрекет ете алады. Сондай-ақ контрафактілік өнімдердің көлемін азайтып, ұялы телефондарды ұрлау әрекеттердің санын төмендетуге мүмкіндік бар", - дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.
Оның айтуынша, қаржы министрлігі терроризмге қатысы бар деген операцияларды бақылай алады. Министрлікке кіретін қаржы мониторинг комитетіне құқық қорғау, арнайы және тағы бақа органдардың ақпарат алмасу жүйесіне кіруге рұқсат беріледі.
Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында экстремистік және террористік қылмыстар үшін жазалау шараларын күшейту, қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізу, атуға дайын тұрған қару-жарақ сатуға тыйым салу, қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттары бар нысандарын күзететін ұйымдарға ерекше талатар белгілеу, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, соның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субьектілерді мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін қолға алу, экстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салу, күзет құрылымдарының және террористік қауіп тұрғысынан дұрыс күзекте алынбаған нысан иелерінің терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтамағаны үшін, сондай-ақ арнайы теxникалық құралдардың жарамсыздығы үшін әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, жеке тұлғаларды тіркеу тәртібін бұзған адамдар үшін кейбір мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беруді шектеу, елді мекендерде өмір сүрудің санитарлық нормаларын белгілеу, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда шетелдіктерді елден шығару үшін негіздемелерді нақтылауға бағытталған түзетулерді бірқатар заңнамалық актілерге енгізу шаралары қарастырылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді