- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ Қаруды сақтау және пайдалану ережесiн бұзғаны үшін айыппұл құнын өсіреді
ІІМ Қаруды сақтау және пайдалану ережесiн бұзғаны үшін айыппұл құнын өсіреді
«Заң жобасында тегiс ұңғылы азаматтық қару-жарақ айналымы мен оны пайдалану ережелерiн бұзуға қатысты жауапкершiлiктi қатаңдатуға бағытталған өзгерiстер қарастырылған. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексте азаматтық қызметтiк қару мен оның оқ-дәрiсiн сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзуға қатысты қарастырылған жауапкершiлiк күшейтiледi», - дейдi вице-министр.
Оның айтуынша, қолданыстағы редакцияда айыппұл санкцияларының мөлшерi бар болғаны 5 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Заң жобасында айыппұл мөлшерiн арттыру қарастырылып отыр.
«Айналымнан шығатын кез келген қару экстремистiк және террористiк топтар мен қылмыскерлердiң қолына түсуі мүмкiн. Соңғы үш жылда республикада азаматтық қару-жарақты алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тiркеу және қайта тiркеу ережелерiн бұзған 45 800 адам анықталып, жауапкершiлiкке тартылды. Яғни, бұл қару ұстауға ресми рұқсаты бар 210 мың адамның iшiндегiлер. Демек, қару берiлген заңға бағынатын азаматтардың әрбiр бесiншiсi жүйелi түрде ереже бұзады. Қаруды пайдалану арқылы жасалған 1196 қылмыс тiркелдi. Осы кезеңде қару-жарақты дұрыс сақтамау және ережелердi бұзу салдарынан 1350 қару ұрланған. Бiздiң ойымызша, айыппұл мөлшерiн арттыру азаматтық және қызметтiк қару иелерiнiң құқықтық жауапкершiлiгiн арттырады, - дейдi Р. Жақыпов.
Айта кетейiк, комитет отырысына парламенттiк емес саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар, дiни конфессиялардың өкiлдерi мен сарапшылар шақырылып отыр.
Заң жобасы 2016 жылы 10 маусымда өткен Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында әзiрлендi.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады