• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан аграрилері 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несиені толық игерді - ҚазАгро

Қазақстан аграрилері 60 млрд теңге көлеміндегі бюджеттік несиені толық игерді - ҚазАгро

8 Қыркүйек, 2016 15:06
«ҚазАгро» холдингінің несие ресурстарына 2016 жылы 6,8 млн. га алаңда көктемгі-егіс және жинау жұмыстары жүргізілді. Аграрларға қаржылай қолдау 60 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік несие есебінен, сондай-ақ «ҚазАгро» ұлттық холдингінің бюджеттен тыс көздерінің есебінен көрсетіледі.

Холдинг хабарлағандай, осы уақытқа дейін Холдинг республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін 72,6  млрд. теңгеге қаржыландырды.  Несиелеуден басқа ауыл шаруашылығының лизингі сияқты құрал белсенді іске қосылған. Бұл бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы фермерлер жалпы 26,3 млрд.теңге сомасына 1,5 мың бірліктен астам техника сатып алды.

Бүгінгі таңда 60 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік несие толық көлемде игерілген. Бұл қаражатқа 2627 шаруашылықтар мен аграрлық құрылымдар қаржыландырылған.  

Қазақстанда республиканың аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар принципінде біріктіру процессі күш алуда.  2015 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі шағын және орташа агробизнес үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын әзірледі және пилоттық режимде іске қосты.  Ұсынылған шешім кооперациялар және ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерді бірлестіруді болжайды.  

 

Барлық жаңалықтар