• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Иорданиямен ауыл шаруашылығы саласындағы өз тәжірибесімен бөліседі

Қазақстан Иорданиямен ауыл шаруашылығы саласындағы өз тәжірибесімен бөліседі

8 Қыркүйек, 2016 11:46
Иордания ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның тәжірибесін қабылдайтын болады, деп ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының төртінші сессиясында мәлім етті.

«Бүгінгі күні Иордания Таяу Шығыстағы біздің еліміздің ең жақын және сенімді одақтастарының бірі болып табылады . Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттары ретінде фармацевтика, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық ынтымақтастық және туризм анықталды»,-деді А. Мырзахметов.

Вице-премьердің айтуы бойынша, делегациялардың кездесі барысында сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер қарастырылды, сондай-ақ, ауыл шаруашылық саласы, стандарттау және метрология, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, мұнай-газ және энергетика, қауіпсіздік және шарттық - құқықтық база мәселелрі қарастырылды. Әрқайсысы бойынша нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ауыл шаруашылық саласында Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Иорданияның тез арада Ислам Ұйымының мүше-мемлекетінің қатарына қосылу мәселесі талқыланды»,-деп толықтырды сөзін вице-премьер.

Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемін арттыру қажеттілігіне келісті,соның ішінде жарма және ет өнімдерін жеткізу бойынша да.

«Иордания ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның тәжірибесін қабылдайтын болады. Сонымен қатар, біз астықты, қойдың етін экспорттайтын боламыз. Біз осындай түрге мүдделіміз»,-деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, елдер арасында сауда көлемі 2015 жылы 806,5 мың АҚШ долларын құрады. Онымен қатар, қазақстандық экспорт 14,8 мың АҚШ долларын құрады, ал импорт 791,7 мың доллар көлемінде болды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар