- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 6 ірі компаниясы жаңа корпоративтік бағытта жұмыс істейді
2017 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 6 ірі компаниясы жаңа корпоративтік бағытта жұмыс істейді
«Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық компаниялардағы корпоративтік үдерістерді ұйымдастырудың жаңа стандарттарын енгізіп жатыр, бұл олардың операциялық қызметінің тиімділігін арттырып, стратегиялық міндеттерін табысты іске асыруына мұрындық болады. Озық халықаралық тәжірибе негізінде жасалған стандарттар (референс үлгілері) бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық, адам ресурстарын басқару, ақпараттық технологияларды, мәліметтерді басқару, жедел жоспарлау және т.б. қызметтерді қамтиды.
А.Илькявичюс, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры: «Кез келген компанияның сәтсіз қызметі оның күн сайынғы операциялық қызметін тиімсіз ұйымдастыруына, соның ішінде қызметтердің қосарлануына, керексіз міндеттермен айналысуға, штаттың ұлғаюына немесе қажетті саладағы мамандардың жоқтығына байланысты. Осының бәрі компанияларды көп жағдайда жасырын тосқауылдарға ұшыратып, табысты арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді шешуіне мүмкіндік бермейді».
«Біз ұсынып отырған референстік үлгілер әмбебап және оны кез келген қазақстандық ірі компанияда қолдануға болады. Сонымен қатар, олар қызмет түрі тұрғысынан, жекелеген компаниялардың (тау-кен, пошта, энергетика және өзге де салалар) ерекшеліктерін ескермейді. Осы себепті әр компанияның міндеті – оларды өз қажеттіліктеріне қарай бейімдеу», - деп атап өттіА. Илькявичюс.
Бизнеске реинжиниринг жасау мен корпоративті қызметті стандарттау «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясындағы маңызды бастама болып табылады және қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Самрук-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ компанияларын қамтиды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді