- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 2017 жылы түрік компаниясымен бірлескен шағын ГЭС салынады
Шымкентте 2017 жылы түрік компаниясымен бірлескен шағын ГЭС салынады
Қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар.
Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.
Баспасөз жиынында Т.Алпыбаев облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырып жатқанын, мнан бөлек, бүгінгі таңда 2 жоба әзірлену үстінде екенін тілшілермен бөлісті.
«Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрдайым әзір», - деп хабарлады әкімдік.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Түрік тұтастығының темірқазығы (2-бөлім) -
Түрік тұтастығының темірқазығы (1-бөлім) -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты