- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде «Нұрлы Жол» паркі мен монументінің құрылысы басталды
Өскеменде «Нұрлы Жол» паркі мен монументінің құрылысы басталды
Парк пен монумент қаланың сол жақ бөлігінде орналасады. Өскемен қаласы үшін бұл күтпеген әрі бірегей архитектуралық шешім.
5 га аймаққа арналған паркте демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаңдары, шағын архитектуралық кескіндер, орындықтар, LED жарық шамдары орнатылып, 500 ағаш көшеті отырғызылады. Парктің дәл ортасында Қазақстан халықтары бірлігінің символы ретінде «Нұрлы Жол» монументі орнатылады. Мемлекеттік тудың түсімен боялған монумент, шаңырақ пен қалықтап ұшқан қыранның биіктігі 22 метрді құрайды. Парк жанынан 10 көп қабатты тұрғын үй салынатын болады.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов құрылыс жұмыстарымен таныса келе, өзінің он бағасын берді.
"Бізде керемет жаңа парк ашылатын болады. Оның артында 10 көп қабатты тұрғын үй салынады. Осы арқылы біз бұған дейін айтылған Сәтпаев даңғылы бойында тұрғын үйлермен қатар мәдени нысандарының құрылысын бастауды жүзеге асырып отырмыз. Сонда ғана тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып, жайлы өмір сүрулеріне болады. Бұл қала адам үшін ұғымының негізгі түйіні болмақ. Мемлекетіміздің болашағын кескіндейтін жаңа жоба құрылысының басталуына қуаныштымын", - деді Даниал Ахметов.
Қазіргі уақытта «Нұрлы Жол» паркінің аумағында байланыс пен қатынас желілері орнатылып, бетон жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоба авторы Сәрсен Сиитовтың айтуынша бұл бірегей жоба. Ол адамдар барынша баға беретініне сенім білдіреді. Парктің ашылуы 2017 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері