Петропавлдағы екінші ЖЭС-те сынақ турбиналары шығарылды

2 Желтоқсан, 2013 13:03
Петропавлда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен екінші ЖЭС-те сынақ турбиналары шығарылды, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Депутаттар Анатолий Маковский, Николай Логутов, Роман Ким, Ромин Мадиновтардың Солтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында Петропавлдағы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да болып, сынақ турбиналарының шығарылуына араласты», - делінген хабарламада.

№4 станциясындаңы турбоагрегаттар монтажы кәсіпкерліктегі инвестициялық жобалардың енгізілуі, техникалық қондырғыларды жаңарту арқасында мүмкін болып отыр. Т-50/60-90 турбинасын орнату жұмыстары 2012 жылдың 1 ақпанынан бері жүргізіліп келеді. Турбинаны жасаушы «Орал турбина зауыты» ЖАҚ.  Аталмыш қуаттағы жаңа турбиналарды өндіріске енгізу жұымстары биылғы жылдың 20 желтоқсанына жоспарланып отыр.

Хабарламада айтылғандай, жаңа турбиналардың іске қосылуы электр қуатын өндіруді көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға, станцияның жұмысын сенімдірек қылып, турбина шығынын 10 пайызға дейін азайтады. Сонымен қатар бір тал турбина шығаруға жұмсалатын энергия қуатын да жылына 7 мың тоннаға дейін азайтпақ.

Қондырғыны жөндеу жұмыстары бойынша кеткен жалпы шығын көлемі 5,7 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар жаңа турбоагрегаттың қызмет көрсетуі арқылы 2 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде жалпы саны 8 маманға сұраныс пайда болды.

Компания жоспарында бірінші және бесінші турбоагрегаттарды жаңарту бар. Ал қазандықтар бірінші, екінші және үшінші станцияларда жаңартылмақ. Қазірдің өзінде аталмыш жұмыстарға керек-жарақтар Орал турбожасау зауытына тапсырыс беріліп қойылған.

Осынау жұмыстардың барлығы атқарылғаннан кейін станциядағы қазандықтардың жаңартылуы 12-ге дейін жетпек. Ал бұл көрсеткіш қазіргі кезде 11-ді құрайтынын еске сала кетейік. Ал өндірістің жалпы қуаттылығы 480 МВт-қа дейін өспек. Бағдарлама нәтижесі бойынша 2015 жылы қондырғылар 35-40 пайызға дейін жаңартылып, ал жұмыс сенімділігі 97 пайызды құрамақ.

Шара соңында депутаттар өндіріс орнының жұмысына оң баға берді. Кәсіпкерліктің Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлеткеттің жаңа саяси бағытындағы» тапсырмалардың орындалуына үлес қосып жатқандарын тілге тиек етті.

 

Барлық жаңалықтар