• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 500 мың тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша Қытаймен келіссөздер өткізуде

Қазақстан 500 мың тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша Қытаймен келіссөздер өткізуде

7 Қыркүйек, 2016 17:26
Қазіргі таңда 500 мың тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша ҚХР реформалар мен даму жөніндегі Ұлттық комиссиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Елбасы Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Қытайға астық жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шараларға арналған брифингте.

«Қазіргі таңда астық (бидай мен ұн), өсімдік майы экспортталып жатыр. Соңғы жылдары астық  экспортының көлемі  4 есеге көбейді, 2014-2015 жылдары 110 мың тонна, 2015-2016 жылдары 414 мың тонна экспортталды. Бұл 2016 жылы қол қойылған келісімге байланысты қаппен тасымалдау д жүзеге асырылды», - деді Г.Исаева.

Қазіргі таңда ҚХР  реформалар мен даму жөніндегі Ұлттық комиссиясымен  500 мың тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша    келіссөздер жүргізіліп отыр.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, қытай тарапы ҚР-дан ҚХР-ға шығатын астықты фитосанитариялық қамтылуы бойынша келісімге өзгертулер енгізуді ұсынды.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар