• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты

7 Қыркүйек, 2016 19:07
Санкт-Петербург қаласында өткізілген (Ресей Федерациясы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің (ІІМК) кезекті 44-ші отырысы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Отырысқа Достастық елдерінің ішкі істер министрліктерінің/полицияның басшылары, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі Бюроның (ҰҚКҮБ) және ТМД Атқарушы комитетінің басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады ІІМ.

Делегация басшылары Достастық елдерінің жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ (Полиция) ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл жасасуының перспективасын, сондай-ақ мемлекетаралық қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларының іске асырылу барысын талқылады.  

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар автокөлік құралдарының ұрлығына, жаңа психикалық белсенді, психотроптық заттар мен есірткілердің, оларға тектес қауіпті химиялық заттардың айналымына қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады, сондай-ақ халықаралық бұқаралық спорт және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорт командаларының ресми емес жанкүйерлер бірлестіктерінің мүшелері тарапынан болатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелерінде бірлескен жұмыстың жоспарлары талқыланды.

Отырыс шеңберінде ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына және ТМД-ға қатысушы Ішкі істер министрлері кеңесінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша мәселелер қосымша қаралды.

ІІМК қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдері қабылдады. Делегацияның басшылары ІІМК және ҰҚКҮБ қызметін реттейтін бірқатар құжаттарды мақұлдады.

Ішкі істер министрлерінің  кездесуі дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен сыйластық жағдайында өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің келесі кезекті отырысын 2017 жылдың маусымында Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) өткізу жоспарланды.

 

Барлық жаңалықтар