- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР депутаттары ЖКО-ның кейбір талаптары бойынша айыппұл көлемін азайтуды ұсынды
ҚР депутаттары ЖКО-ның кейбір талаптары бойынша айыппұл көлемін азайтуды ұсынды
«Көрiнбейтiн немесе стандарт талаптарына сай емес орнатылған көлiктердiң мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерi үшiн салынатын айыппұл көлемiн бес айлық есептiк көрсеткiштен үш АЕК-ке азайту керек. Бас прокуратураның департамент басшысы Әсет Тендалиевтiң мәлiметiне сүйенсек, экономикалық жағдайға байланысты халық табысы азайған. Соңғы 15 жылда кейбiр айыппұлдардың көлемi 25 есеге артқан, ал халық табысы тек 7 есеге көбейген. 2001 жылдан берi айыппұл көлемi 15 мың теңгеден 396 мың теңгеге артқан. Ал орташа айлық жалақы көлемi 17 мың теңгеден 124 мың теңгеге дейiн көбейген. Жыл сайын есептiк көрсеткiштер өзгере бередi, ал еңбекақы сол күйiнде қалып отыр», - дедi депутат.
Халық қалаулысының айтуынша, 2016 жылдың 6 айында 389 мың 374 құжат өндiрiске түстi. Олардың iшiнде 3,8 млрд теңге 210 мың 237 мың құжат орындалды.
«МАИ қызметкерлерi не үшiн айыппұл салады? 828 мың 900 азаматқа МАИ қызметкерлерi айыппұл салған. Бұл оқиға орнында ақша бергендердi есептемегенде... IIМ министрi соңғы үш жылда жол ережесiн бұзушылықтар азайды дейдi. Бұл азайғандық емес, бұл сол жерде пара беру. Сондықтан, айыппұл көлемiн азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынамын», - дедi М.Тiнiкеев.
Халық қалаулысы көлiктегi нөмiр белгiлерi көрiнбей қалса, үлкен айыппұл салмас бұрын жолдардың сапасына назар аудару керек дедi.
Сондай-ақ, депутат Омархан Өксiкбаев жол айрықтары мен жолды кесу ережелерiн бұзғандарға салынатын айыппұл да 5 айлық есептiк көрсеткiштен 3 АЕК-ке дейiн азаюы керек деп есептейдi.
Бүгiн қарастырылған заң жобасы бойынша ҚР «Жол жүрiсi туралы» және Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодекстiң бiрқатар нормасына 15 түзету енгiзу көзделген. Заң жобасында негiзiнен жол жүру құқығын бұзу ережесiне қатысты кейбiр нормаларды жұмсарту мен айыппұлдарға қатысты мәселелер қаралуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған