- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі әскери нысандардың қайта құрылуын тексерді (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі әскери нысандардың қайта құрылуын тексерді (ФОТО)
Қорғаныс ведомствосының басшысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының барлық объектілерін тексеріп, Қарағанды гарнизонындағы 32356 әскери бөлімін дамыту жөніндегі негізгі басымдықтар мен жұмыстың барлық көлемін белгіледі.
Танк айлағы, тактикалық алаң, әскери жарақтандыру пункттері, бақылау-өткізу пункті, казармалар ғана емес, сонымен бірге, әскери қызметшілердің тұрмысына қажетті монша, клуб ғимараты, жатақхана, жылу жолы мен азық-түлік қоймасы секілді нысандар ауқымды жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда «Спасск» Қазақстан Қарулы Күштері оқу-жаттығу орталықтарының бірі болып табылады. Онда «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны және «Алтын үкі» халықаралық сайысы сияқты республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі ауқымды іс-шаралар өткізіледі.
«Тәртіп болған жағдайда ғана біз атқарып жатқан жұмыста алға ілгерілеу болады», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті. Бұл әскери жүйедегі шеткі бұрышты тас іспетті. Барлығы мерзімінде орындалатын сапалы жұмысқа байланысты. Себебі, онсыз ауқымды жобаларды іске асыру мүмкін емес».
Қорғаныс министрі Астана маңыңдағы 68665 әскери бөлімінің инфрақұрылымы да алдағы уақытта жаңартылатынын белгіледі. Мұнда барлық аумақ және әкімшілік-казармалық аймақ нысандары абаттандырылады. Қазіргі уақытта 120 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Одан басқа, бөлім аумағында палаткалы лагерьге арналған аймақ қарастырылады. Онда далалық шығулар мен практикалық сабақтар кезінде әскери қызметшілерді орналастыру жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, лагерь қазіргі заманғы талаптарға сай болады. Алайда, жағдай жауынгерлікке барынша жақындатылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады