• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өскеменде жетім балалар мен көпбалалы отбасылар пәтер кілтіне қол жеткізді

Өскеменде жетім балалар мен көпбалалы отбасылар пәтер кілтіне қол жеткізді

2 Желтоқсан, 2013 12:23
Өскеменде 78 пәтерлік жаңа үй қолданысқа берілді. Пәтер кілтін алған 22 отбасылар – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаң пәтер иелеріне кілттерін табыстады. Бажанов көшеміндегі жаңа үйге 22 отбасы келіп кірді», - делінген хабарлдамада.

«Бұл оқиға бәріміздің есімізде қалады. Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жұрт жаңа пәтерге кіріп қуаныштары еселене түсуде. Пәтерлер ең алдымен мұқтаждарға берілуде», - дейді облыс әкімі.

Алты қабатты тұрғын үй 78 пәтерге есептелген. Ондағы пәтерлердің 12-сі бір бөлмелі, 30-ы екі бөлмелі, 36-сы үш бөлмелі пәтерлер. Үй ауласында көлік тұрағы мен балалар ойнайтын алаң да қарастырылған.

Сонымен қатар 1 желтоқсанда «Жігер» балалар шығармашылығы орталығы да салтанатты түрде ашылды. Мұнда спорт залы, би бөлмесі, шеберхана мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің ойын бөлмесі бар.

Айта кетерлігі, орталық «Аблакетка» шағын ауданында орналасқан. Бұрын-соңды бұл маңайда мұндай мекеме болған емес. Бұл орталық тұрғындардың арнайы сұрауы бойынша салынғанын да айта кету керек.

 

Барлық жаңалықтар