• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы елдің мәртебесін халықаралық деңгейде көтереді – сарапшы

Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы елдің мәртебесін халықаралық деңгейде көтереді – сарапшы

7 Қыркүйек, 2016 19:56
Өзінің көпвекторлы және ядролық қарусыздану саясаты аясында Қазақстан әлемдік саясаттағы маңызды ойыншы болып табылады, Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы елдің мәртебесін халықаралық деңгейде көтерді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында саясаттанушы Ерлан Хаиров.

«Үлкен жиырмалық саммиттінің форматы әлемдік экономика мен әлеуметтік саясаттағы   өте ауқымды болып табылады. Оған дамыған нарық көшбасшылары Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Африка қатысады. Саммитте экономикалық, әлеуметтік, демографиялық даму  мәселелері талқыланады.  Елбасының аталмыш саммитке қатысуы Қазақстанның маңыздылығын арттыратын басты фактор болып табылады», - деді сарапшы.

Е.Хаировтың айтуынша, бүгінде Қазақстан көпвекторлы және ядролық қарусыздану саясаты аясында  Қазақстан  әлемдік саясаттағы маңызды ойыншы болып табылады.

«Аталмыш шарада Елбасы әлемдік экономиканы дамыту бойынша өз ұстанымын айтты. Меніңше, оның бастамалары  әлемдік державалар көшбасшыларының назарын аударады. Осы сынды шараларға қатысу Қазақстанның  мәртебесін халықаралық деңгейде көтерді», - деді сарапшы.

Айта кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында екі күн бойы «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтті. Қытайда тұңғыш рет өтіп жатқан G20 саммиті әлемдік экономика дамуының жаңа жолдары тақырыбына арналған. Биыл Қытайдағы үлкен жиырмалықтың он бірінші отырысы өтті. Үлкен жиырмалық – 20 ірі ұлттық жкономика,  әлемдік өнімнің 85 пайызы, әлемдік сауданың  75 пайызы. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттың салмақты мәселелері талқыланады, ірі өңірлік және әлемдік мәселелер, соның ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Мемлекет басшысы G-20 саммитіне өзінің екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келгенін айтты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар