- Басты
- Жаңалықтар
- М.Әшімбаев: Террористердің жазасын қаталдату туралы ҚР заңы жыл соңына дейін қабылданады
М.Әшімбаев: Террористердің жазасын қаталдату туралы ҚР заңы жыл соңына дейін қабылданады
Оған елімізге белгілі саясаттанушылар, құқық қорғаушылар, дінтанушылар, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
М.Әшімбаевтың сөзіне қарағанда, аталған құжат бойынша экстремизм мен терроризм үшін жауапкершілікті күшейту мәселесіне басымдық беріледі. Осыған байланысты 20-ға жуық заңға өзгерістер мен толықтыруылар енгізу көзделген. Соның ішінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, экстремизм мен терроризммен күрес заңнамасы және тағысын тағы.
«Ақтөбедегі жағдайдан кейін қоғамда террористерді өлім жазасына кесу туралы ұсыныстар айтыла бастады. Осы мәселе қарала ма?» деген сұраққа М.Әшімбаев: «Бұл мәселе жұмыс тобында жан-жақты қаралады. Жалпы, аталған заң жобасында жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылатын болады»,-деп жауап берді.
Депутаттың айтуынша, осы заң жобасын қабылдау жұмысын ұзаққа созбау қажет. Дегенмен, асығыс шешімдер де болмауы шарт. Сондықтан xалық қалаулылары ол құжатты жан-жақты талқылап алуды көздейді.
«Негізі, бұл заң жобасын ағымдағы жылдың аяғына дейін қабылдауымыз қажет»,-деп атап көрсетті М.Әшімбаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралып, барлық депутаттар оны бірауыздан мақұлдады. Аталған жұмыс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктеліп отыр. Комитет төрағасы - депутат Мәулен Әшімбаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары