- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық зауыт «Ресей тікұшақтары» АҚ-тан авторизацияланған авиажөндеу кәсіпорны куәлігін алды (ФОТО)
Қазақстандық зауыт «Ресей тікұшақтары» АҚ-тан авторизацияланған авиажөндеу кәсіпорны куәлігін алды (ФОТО)
Мәскеу облысының Кубинка қаласындағы «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық зауыттың басшылығына салтанатты түрде тиісті құжат табыс етілді.
Кепілдемелік және сатудан кейінгі қызмет көрсету жүйесін дамыту шеңберінде «Ресей тікұшақтары» АҚ «М.Л. Миль атындағы МТЗ» АҚ құрастыру бюросымен бірлесе қазақстандық кәсіпорынның күрделі жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді, Ми-8Т, Ми-8П, Ми-8ПС, Ми-17, Ми-8МТВ-1, Ми-17-1В, Ми-8АМТ, Ми-171(Е), Ми-172 үлгісіндегі тікұшақтарға толымдаушы бұйымдардың жөнделуінің жоғары сапада орындалуын растады.
Куәлік Қазақстанда авиациялық техниканың көрсетілген үлгісінде жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесінде «Ресей тікұшақтары», «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «№405-авиажөндеу зауыты» АҚ арасында қол қойылған үшжақты келісім Қазақстанда тікұшақ техникасына сатудан кейінгі қызмет көрсету аясында алғашқы нәтижелерін берді. «№405-авиажөндеу зауыты» АҚ 2012 жылдан бастап бүкіл республика бойынша ресейлік өндірістің тікұшақтарына сервистік қызмет көрсету бағдарламасын іске асыруда. Аталған бағдарламаның мақсаты ұшулар қауіпсіздігін арттыру, үздік пайдалануды қамтамасыз ету, халықаралық стандарттар деңгейіне дейін техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік қызметтер сапасын жеткізу болып табылады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек