- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ұлттық спорт түрлерінен «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді
Астанада ұлттық спорт түрлерінен «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтеді
Турнирді ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қалың жұртшылық үш күн бойы қазақтың ұлттық ойындарының сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, орта қашықтықтағы жүйріктердің бәйгесі өтеді. Еліміздің таңдаулы 16 командасы үш тәулік көкпар мен аударыспақ додасының көрігін қыздырмақ.
Теңге ілудің ең үздік шеберлері мен қыз қуудың теңдессіз жұптарының өнері назарға ұсынылады. Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер асау үйрету сайысына түседі.
Құралайды көзге атқан садақшылар құйғыта шапқан ат үстінен жамбы атып, мергендік сынасады. Үш күн бойы тоғызқұмалақ пен асық атудың бәсекесі қызады. Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған, қаршыға мен сұңқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер көрсетілімі болады.
Ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі «Астана жұлдызы» турниріндегі жұрт айта жүрер қызықтың қатарын арттырады.
Осындай ұлттық ойындардан басқа да қалың қауым сүйсіне тамашалайтын тартымды қызықтар аз болмайды. Атшабар алаңын жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың байырғы тұрмыс-салты насихатталады. Желіде құлын жусатқан жылқылы ауылдың «Қымызмұрындығы», көгенге қой-ешкісін байлаған қойлы ауылдың, сиырлы, түйелі ауылдардың шынайы қарбалас тіршілігі қала жұртшылығына таңдай қақтырар көріністер болмақ. Шаңырақты шеңберлеп, морға салып уық иген, темір мен ағаштан түйін түйген қазақы ұсталар шеберлігі назарға ұсынылады.
Үш күндік турнир барысында әйгілі өнер иелерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қол өнер көрмелері және тойшы қауымға арнап ұлттық тағам түрлерінен фестивальдер ұйымдастырылады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері