• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нидерландтағы мәдениет фестивалінде қазақ ұлттық орнаменттері таныстырылды

Нидерландтағы мәдениет фестивалінде қазақ ұлттық орнаменттері таныстырылды

7 Қыркүйек, 2016 20:43
Гаагада өткен ІҮ Дипломатиялық мәдениеттер фестивалінің аясында Қазақстан павильонының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Павильонды Нидерландыдағы ҚР Елшілігі ұйымдастырды. Онда қазақтың ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, әшекей бұйымдар  мен қазақ суретшілерінің картиналары қойылды.

«Фестиваль қонақтарына ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындар беріліп, келушілердің көңілінен шықты.  Павильонға келушілер қазақтың ұлттық киімдерімен, салт-дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды», - делінген хабарламада.   

Сондай-ақ Лейден университетінің магистранты Ақжол Оразалин дамбырады күй орындап, концерттік бағдарлама қойды.

Сонымен бірге Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне, Қазақстанның туристік әуелетімен  таныстыратын түрлі стендтер қойылды.

Айта кетсек,  Гаагада дипломатиялық мәдениет фестивалі жыл сайын өтеді. Биылғы жылы шараға  өздерінің ұлттық дәстүрлерімен, мәдениетімен тұрғындарды таныстыру үшін 50-ден аса мемлекет қатысқан.

Барлық жаңалықтар