Қызылорда құтқарушылары Тұңғыш Президент Күніне орай марапатталды

2 Желтоқсан, 2013 11:40
Қызылорда құтқарушылары Тұңғыш Президент күніне орай марапатталды, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті күні Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде де аталып өтті. Мерекеде ондаған құтқарушылар ТЖМ-де қалтқысыз қызмет еткені үшін алғыс хаттармен марапатталды», - делінген хабарламада.

«Қызылорда – еліміздегі төтенше жағдайлар бойынша ең қиын өңірлердің бірі. Сырдария өзенінің тосын мінез көрсететін кездері аз емес. Оған қоса жаздың аптап ыстығы, қыстың суығы мен шөл даланың табиғи жағдайларын қосыңыз. Осыған орай облыстың төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бүгін еңбектері еленіп, құрмет көрсетіліп жатыр. Олар өзіміздің өңірмен қатар көрші облыстардың да кей жағдайларда әріптестеріне көмекке барады. Атап айтар болсақ қыс күнінде Оңтүстік пен Шығыс Қазақстандағы табиғи апаттар кезінде халыққа қызмет етті», - дейді облыстың ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова агенттікке берген сұхбатында.

 

Барлық жаңалықтар