• Басты
  • Жаңалықтар
  • Африкалық одақта Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы рөлі аталып өтті

Африкалық одақта Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы рөлі аталып өтті

7 Қыркүйек, 2016 13:49
Африкалық одақтағы штаб-пәтерде Эфиопиядағы Қазақстан елшілігі Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толғанына орай фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның  ядролық сынақтарды тоқтату процестерін қарқындату, ядролық қаруды таратпау және ядролық қарудан азат әлемге аяқталуына қосқан үлесін насихаттау болды.

Фотокөрме барысында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африкалық одағы жанындағы тұрақты өкілі Ерлік Әли, АО-ның бейбітшілік және  қауіпсіздік жөніндегі коммисары Смайыл Чергуя, Жапонияның Эфиопиядағы Елшісі Казухиро Сузуки сөз сөйледі. Қонақтардың арасында болу елдің ресми тұлғалары, аккредиттелген дипломатиялық корпус,  сарапшылары  мен ғылыми топтары, Эфиопияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері болды.

Өз сөзінде Е. Әли Қазақстан  азаматтарының өмір сүруінде  ядролық сынақтардың теріс зардаптары туралы, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонының жабылу бастамасы туралы, сондай-ақ ядролық қаруды қысқарту процесі және оның сынақтарының  мораторийі арқылы ядролық қауіп шегін азайту үшін, Қазақстанда қабылданған шаралар туралы қатысушыларды  хабардар етті

Смайыл Чергуя мен Казухиро Сузуки сөз сөйлеулерінде негізгі назар барлық адамдардың бейбіт және гүлденген өмір сүруі үшін ядролық қару қаупі, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды азайту және толық тыйым салу қажеттілігін атап өтті

Іс-шара нәтижесінде Қазақстанның рөлі қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау саласындағы, сондай-ақ ядролық қауіпі шындығы туралы халықаралық қоғамдастықтың хабардарлығын арттыру жөнінде атап өтілді. Сонымен қатар ядролық қатерді жою мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттілігі жөнінде хабарлады 

 

 

Барлық жаңалықтар