• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы күреске арналған заң жобасына енген өзгертулер қарастырылады

Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы күреске арналған заң жобасына енген өзгертулер қарастырылады

7 Қыркүйек, 2016 10:48
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралып, барлық депутаттар оны бірауыздан мақұлдады.

Аталған жұмыс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктеліп отыр.

Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, осы жұмыс аясында экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, қару-жарақ айналымы, көші-қон және тағы басқа мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Аталған заң жобасын Елбасы осы сессияның ашылу барысында өз сөзінде арнайы атап өтті. Осы заң жобасын қабылдаудың мақсаты терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымын және көші-қонды реттеу саласындағы заңнаны жетілдіру болып табылады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және қорытынды әзірлеуге дайын» , -деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Барлық жаңалықтар