- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Қызылордада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік баспана желісі бойынша өтініштер қабылдау басталды
«Нұрлы жол»: Қызылордада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік баспана желісі бойынша өтініштер қабылдау басталды
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа үйлер құрылысы «Сəулет» шағын ауданында жүріп жатыр. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метр 7 нысан, 350 пəтер салынады. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2016 жылғы қазан. Пәтерлер таза əрлеуде сатылады. 1 шаршы метрдің бағасы шамамен 143 мың теңгені құрайды.
Барлық өңірлерде несиелік тұрғын үй құрылысының 10 жобасы іріктелді. Ақтауда 1 шаршы метрі 153 мың теңге бағамен 540 пəтер болатын 34 167 шаршы метр тұрғын үй салынады. Атырауда 1 шаршы метрі 152 мың теңге бағамен 245 пəтер тапсырылады. Алматыда «Əйгерім-2» шағын ауданында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары арасында жалпы ауданы 37 353 шаршы метр болатын несиелік тұрғын үй сатылады. Бұл 1 шаршы метрге 199 900 теңге бекітілген бағамен 636 пəтер. Бұдан өзге, құрылыс Қызылорда, Семей, Орал, Өскемен жəне Екібастұз қалаларында жүргізіледі. «Бəйтерек Девелопмент» АҚ-ның басқа жобаларды «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ келісуіне қарай аталған тізім тұрақты түрде кеңейтіліп отырады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін банк салымшысы болу қажет. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өзінің салымшылары арасында жүзеге асыру үшін 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бəйтерек Девелопмент» АҚ жобаларына іріктеу жүргізеді.
«Бəйтерек» ҰБХ АҚ еншілес ұйымдары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жəне «Бəйтерек Девелопмент» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын несиелік тұрғын үй бағыты бойынша жүзеге асырушы операторлар болып табылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар