• Басты
  • Жаңалықтар
  • Француздық сарапшы қазақстандық ветеринарларға профилактикаға баса назар аударуға кеңес берді (БЕЙНЕ)

Француздық сарапшы қазақстандық ветеринарларға профилактикаға баса назар аударуға кеңес берді (БЕЙНЕ)

7 Қыркүйек, 2016 16:43
Аурулардың алдын алуға аса назар бөлу қажет, вакцинацияны көп мөлшерде жасау үлкен қателік болып есептеледі. Бұл туралы Францияның «Айверон» саласындағы ұлттық ветеринарлық-техникалық қоғам комиссиясының мүшесі , тұқымдық репродуктор бойынша сарапшы Мюриель Вабре Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Менің есімім  Мюриель, Франциялық ветеринармын, жеке меншік клиникам бар. Мекемеде  өңірдегі үш ветеринар  жұмыс істейді.  Біз 150 фрмерлік шаруашылыққа қызмет көрсетеміз. Біздің клиниканың ерекшелігі ауру бұзауларды  қабылдап  оларды 24 сағат ішінде емедеп, фермаға қайтарамыз. Бұл Франциядағы жалғыз нысан», - деді ол.

Оның айтуынша, клиникада 3 фермер жұмыс істейді, олар 20 мың бас қара мал мен 15 шақырымдық радиустағы 150 шаруашылыққа қызмет көрсетеді.

«Менің жұмысым 3 бөлімнен тұрады. Біріншісі – мемлекетке жұмыс істеу, егу, вакцинация, сиыр экспорты үшін егу жасау, менің клиникамның жанында лаборатория бар, жылына 2 рет жануарлардың қаны алынып тұрады.  Франциядағы ветеринарлар үнемі өз құқықтарын қорғап отыруға мүдделі, олар үкіметке өз қаражаттарының жетпей жатқандығы мен аз қаржыландыру мәселлері және жастардың ауылдарды тастап кетуі, жануарларды күтетін адамдардың қалмауы туралы мәселелерді жеткізеді», - деді ветеринар.

Сарапшы айтып өткендей, мемлекетте екі  бағыт бар: ол шағын және орта мүйізді малдың экспорты мен дұрыс тамақтанудың басымдылығы.

Сондай-ақ, Францияда мал шаруашылығының  ерекшелігі ветеринарлар фармацевт болып табылады. Олар дәрілерді сатып, бағыттай алады.

Айта кетейік, мал тұқымы бойынша сарапшы Мюриель Вабре Франциядан Қазақстанға қазақстандық фермерлермен  тәжірибе алмасуға келген болатын. Сарапшы мал шаруашылығын дамытудың ең үздік тәсілдері мен әдістері туралы бөліседі. Белгілі болғандай, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясында агроөндірістік кешен  ел экономикасының маңызды бөлігі болып саналады. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды құрамы болып табылады, Елбасының Жолдауында бұл аталып өткен болатын. Онда агроөндірістік кешендегі өнімділікті кем дегенде екі есеге өсіру керек, бұл АӨК-нің маңызды саласы болып табылады.

Индира Кауметова

Бейне:Азамат Әлиев

 

 

Барлық жаңалықтар