Петропавлда үш көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын

7 Қыркүйек, 2016 11:53
Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары кезiнде «Береке» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Мұндағы бiрiншi алаңда бiрден 75,90,55 пәтерлi үш үйдiң құрылысы тәмамдалуға жақын. Мердiгер ұйымның өкiлiнiң хабарлауынша соңғысында жұмыстар 90%-ға аяқталған.

«Бiз монтаждау, төбенi жабу жұмыстарын аяқтадық. Қазiр iшкi әрлеу жұмыстары, есiк орнату, сылау, газ өткiзу, электр өткiзу жұмыстары жүргiзiлуде. Барлығы 60 адам тартылған. Мұнда бiр, екi, үш бөлмелi пәтерлер болады», — деп хабарлады «ПМК-5» ЖШС директорының орынбасары Алтай Әлибаев.

Нысандармен танысқан өңiр басшысы жұмыстарды айдың соңына дейiн аяқтап, абаттандыру жұмыстарымен айналысуды тапсырды. Ерiк Сұлтанов көршi алаңдағы 75 пәтерлi тұрғын үй құрылысымен де танысты.

«Мұнда қыркүйек айында бiр-екi қабатын көтеру керек, бұл үшiн бiзде аз уақыт қалды. Сондықтан жұмысты жеделдетiп, төсеу жұмыстарын бастау керек», — дедi облыс әкiмi.

Ерiк Сұлтанов Уральская көшесiндегi 80 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысын сынады. Мұнда құрылысшылар алдын ала белгiленген уақытта жұмысты аяқтамаған. Облыс әкiмi аталған мәселелердi жоюды тапсырды.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында өңiр басшысы «ЗООВЕТСНАБ» ЖШС-на барды. Кәсiпорын ауыл шаруашылық жануарларына қажеттi ветеринарлық препараттарды даярлау мен сақтаумен айналысады.

«Бiз толығымен Кеден одағы аясында жұмыс iстеймiз. Бұл Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттерi. Тауарлар тiкелей дайындаушы зауыттардан келедi. Сондай-ақ бiз тауардың дайындалу мерзiмiн қатаң қадағалап, сақтау талаптарын толық ұстанамыз. Бiздiң қала бойынша 2 дәрiхана және қалалық мал дәрiгерлiк емханамыз бар», — деп хабарлады ЖШС директоры Владимир Притчин.

Кәсiпорында 25 қызметкер еңбек етедi. Олар үшiн барлық жағдай жасалған. Мұнда асхана мен салауатты өмiр салтын ұстану үшiн спорт залмен жабдықталған.

Ерiк Сұлтанов өзге де құрылыс алаңдарын аралады. Қизатов және Семашко көшелерiнiң қиылысында 72 және 126 пәтерлi тұрғын үйлердi пайдалануға беруге даярлап жатыр. Қазiр мұнда iске қосуға дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Ал көршi аумақта тағы екi үй Қазақстан ипотекалық компаниясы желiсi бойынша салынып жатыр.

Облыс әкiмi Ж.Қизатов көшесi 9В мекенжайында орналасқан жалға берiлетiн коммуналдық үйдiң қайта салу жұмыстарымен де танысты. Бұл нысанда бүгiнде әрлеу жұмыстары жүрiп жатыр.

Облыс әкiмi жұмыс сапары барысында дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық ЛОРД мектеп-лицейiнде болды. Бүгiнгi таңда мұнда 204 оқушы бiлiм алуда. Оқу орынының материалдық-техникалық базасы 14 оқу кабинеттерi мен барлық қажет құралдармен жабдықталған.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкiмi Петропавл қаласындағы 110/10 кВ Солтүстiк қосалқы стансасының құрылысының барысымен танысты.

 

Барлық жаңалықтар