• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Макао визалық талаптарды алу бойынша өзара келісімге қол қояды – СІМ

Қазақстан мен Макао визалық талаптарды алу бойынша өзара келісімге қол қояды – СІМ

7 Қыркүйек, 2016 09:47
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың G-20 саммитіне қатысу аясында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚХР Макао арнайы әкімшілік ауданының жетекшісімен кездесу өткізді.

СІМ хабарлағандай, кездесу аясында дипломатиялық пікір алмасу және тараптардың  жақын арада  визалық тәртіптерді алу бойынша өзара  келісімге қол қойылғаны белгілі болды. Тараптар Қазақстан мен Макао арасында ынтымақтастық әлеуетін кеңейту мәселелерін талқылады.

G-20 саммиті алаңында Е.Ыдырысов бірқатар сыртқы істер басшыларымен келіссөздер өткізді.

Атап айтсақ, Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Имен кездескен кезінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға сапарының  қорытындылары талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы бойынша өзекті мәселелері талқыланды.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде тараптар  Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін қарастырды.

 

Барлық жаңалықтар