Н.Назарбаев сыртқы барлау қызметіне бірқатар тапсырма берді

6 Қыркүйек, 2016 18:13
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар