- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Абаев Елбасына тиімді ақпараттық саясат жүргізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады
Д.Абаев Елбасына тиімді ақпараттық саясат жүргізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады
Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиімді ақпараттық саясат жүргізудің, елдегі медиа кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
«Жаңадан құрылған министрліктің маңызы зор. Бүгінде басты міндеттердің бірі – ақпарат кеңістігіндегі түрлі сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра білу. Сонымен қатар, халық арасында экономикалық өсімді және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсіндіру жұмысын тиісті деңгейде жүргізу қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік БАҚ-тың басшылық құрамын қалыптастыру ісіне мұқият болу қажеттігіне назар аударды.
« Жоғарғы талаптарға сай келетін, шетел тілдерін меңгерген және ақпарат кеңістігінің басты үрдістеріне сапалы талдау жасай алатын адамдарды таңдау керек. Жалпы, мемлекеттік ақпарат саясатының мәселелері менің басты назарымда. Министрліктің қызметіне тікелей өзім және Президент Әкімшілігінің басшысы бақылау жасайды. Басқа тұлғалардың араласуына жол берілмейді», – деді Мемлекет басшысы.
Ақпарат және коммуникациялар министрі БАҚ жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету ісін ілгерілету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақстан Президентін телекоммуникация саласының қызмет ету сапасын арттырудағы министрліктің қызметі, соның ішінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу жұмысы туралы хабардар етті.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары