• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен АҚШ көптеген саяси мәселелерде ортақ пікірге ие – Ыдырысов (ФОТО)

Қазақстан мен АҚШ көптеген саяси мәселелерде ортақ пікірге ие – Ыдырысов (ФОТО)

6 Қыркүйек, 2016 17:04
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ басшысы Барак Обама G20 саммиті аясында келіссөздер өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасында.

«Елбасы G20 саммиті аясында АҚШ Президентімен ауқымды келіссөз өткізді. Олар көптеген саяси мәселелерде ортақ пікірді ұстанады», - деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, ол саммитке екі ел басшылары арасында «ортақ рух» болғанын айтып баға берді.

«Біз жақында ғана Қытайдан G20 саммитінен келдік. Ханчжоудағы елдер арасында рухтың ортақтығын көріп қуандық. Жаһандық көшбасшылар әлемде тұрақтылық сақтау жолында бірге еңбек еткендері қуантты. Бұл экономиканың да ажырамас бөлігі», - дед ол.

Сурет:  Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар