• Басты
  • Қ.Бозымбаев: «Шелл» компаниясының тәжірибесі ҚР-да әртараптандырылған энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді
6 Қыркүйек, 2016 19:08

Қ.Бозымбаев: «Шелл» компаниясының тәжірибесі ҚР-да әртараптандырылған энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Қ.Бозымбаев: «Шелл»  компаниясының тәжірибесі ҚР-да әртараптандырылған энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді | Strategy2050.kz

Меморандум мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы алдында тұрған стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеу болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара пайдалы әріптестікті нығайтуға бағытталады және одан арғы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды.

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ  Бас директоры Рүстем Сүлейманов және «Шелл»  концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун қатысты.

Меморандум шеңберінде газды өндіру мен мұнайгаз-химия нарықтарын зерттеу саласында ынтымақтастық, қазақстандық кен орындарының мұнай беру көлемін жоғарылату әдістерін зерттеу, тәжірибе мен жаңа технологиялармен алмасу, сондай-ақ энергияның жаңартылатын көздері саласында жобаларды дамыту ықтималдығын зерттеу жоспарланып отыр.

“ «Шелл»  компаниясымен, «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» компанияларымен меморандум жасасу мемлекеттік және коммерциялық сектормен әріптестік орнатуының жағымды үлгісі болып табылады. Біз, қазақстандық мұнай-газ саласындағы мамандардың білімі және «Шелл» компаниясының халықаралық тәжірибесі елімізде өндірісті жан-жақты дамытатын энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді деп сенеміз, бұл жалпы алғанда ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігіне өзінің тиімді әсерін тигізеді, - деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

«Қол қойылған меморандум шеңберінде біздер мұнай-газ саласындағы қолда бар объектілерді дамытудың ықтимал мүмкіндіктерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды,  Қазақстанның өндіру саласын дамытудың жол картасы шеңберінде «Шелл»  компаниясымен бірлескен жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ энергетикалық технологиялар саласында және жалпы тұрақты энергетиканы дамытуда тәжірибемен алмасуды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев.

«Біз «Шеллдың» Қазақстан Республикасына келгеннен бергі көп жыл ішінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде орнаған өзара қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймыз. Біздің компания ҚазМұнайГазбен және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті бұдан әрі нығайтуға ниетті. Біз, Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және ҚазТрансГаз арасында қол қойылған меморандум арқасында елдің мұнай-газ секторының дамуына қосымша үлес қосуға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Біз барынша қолдау көрсетуге және газды қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерді зерделеу үшін, мұнай беруді жақсарту және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда өзіміздің техникалық алдыңғы қатарлы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді өз сөзінде «Шелл»  концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун .

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды