Оралда Тұңғыш Президент Күніне орай 200 қарағай мен шырша отырғызылды

2 Желтоқсан, 2013 10:35
Оралда Тұңғыш Президент күніне орай 200 қарағай мен шырша отырғызылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Оларға әкімдіктердің, қала қызметкерлері мен мәслихат депутаттары да араласты», - делінген хабарламада.

Назарбаев зияткерлік мектебіне қарама-қарсы алаңда 170 қарағай отырғызылды. Ал «Салтанат сарайының» айналасына 30 шырша егілді.

«Бүгін біз мерекеге орай ағаш отырғызу үстіндеміз. Енді оны дұрыстап күтуіміз керек. Мұндай бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Халық неғұрлым көп тартылған сайын қаламыздың жасыл желекке орануы да соғұрлым жеделдетілмек. Барлық тұрғындарды мерекемен құттықтаймыз», - дейді Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

 

Барлық жаңалықтар