- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді
Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жобаның аясында 32 емхана, алғашқы медициналық-санитерлық көмек орталықтары мен 318 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы қарастырылған. 2016 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, 325 нысанның немесе жоспарланған нысанның 93%-ның құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда 8 нысанды пайдалануға беру бойынша (бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы емхана, бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын Ақмола облысы Бурабай ауданы Атамекен ауылындағы ДА, бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын Қарағанды облысы Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра мен Шет аудандарындағы 6 ДА) қабылдап алу актілеріне қол қою шаралары өткізілуде. Сонымен қатар, 17 нысанның құрылысын аяқтау мен пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, қазіргі таңда «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар құрылысы» жобасының аясынан бөлек жергілікті атқарушы органдардың өтінімі негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау саласының 49 нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде ағымдағы жылы 35 нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылы 14 нысан берілмек.
Биыл пайдалануға берілетін медициналық нысандардың 5-уінің құрылысы аяқталды: Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухана, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Исатай ауданы Жанбай ауылындағы дәрігерлік амбулатория, бір ауысымда 300 адамды қабылдайтын Қостанай қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер емханасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Түлкібас ауылындағы емхана. Басқа нысандар бойынша құрылыстарды аяқтау мен пайдалануға беру шаралары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласы нысандарының құрылысы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің үнемі бақылауында екенін атап айтқан жөн.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады