• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында жыл соңына дейін тоғыз облыстық маңыздағы жолдың жөнделуі аяқталады

Павлодар облысында жыл соңына дейін тоғыз облыстық маңыздағы жолдың жөнделуі аяқталады

6 Қыркүйек, 2016 18:34
Павлодар облысының әкімі жергілікті және облыстық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын 1-ші қазанға дейін аяқтап, мердігер ұйымдармен есеп айырысуды тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша үстіміздегі жылы тоғыз облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Қазіргі кезде жеті нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған екі нысан бойынша жұмыстар қыркүйектің соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жолдарды күтіп ұстауға келетін болсақ, ведомство басшысы Дәулет Мұстафиннің айтуынша барлық ұйымдармен келісімшарттар жасалды, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Облыс орталығы бойынша 2017 жылы жолдарды күтіп ұстау бойынша барлық есеп-қисаптарды қазіргі кезден бастап жүргізу қажет. Сонымен қатар, құм мен тұз аралас қоспалар әзірленіп, қар жинайтын техника сақадай-сай болуы керек, - деп талап етті Болат Бақауов. – Жыл басында түрлі сұрақтар туындамауы үшін бәрін алдын ала қарастырып, жолдарды күтіп ұстау бойынша конкурстық құжаттамаларды зерттеу қажет.

Баяндамашының ақпараты бойынша автомобиль жолындағы еңбекақының төленбеуіне байланысты тоқтап қалған жұмыстар қайта жанданды. Қазіргі кезде жерді өңдеу жұмыстары жүргізілп жатыр. Субмердігер ұйымдардың шоттарына қаражат түскеннен кейін жолға бетон және асфальт жабындыларын төсеу жұмыстары басталады. Айта кетерлігі, ағымдағы жылы құрылысшылар Павлодар-Астана автожолының ұзындығы 104 км құрайтын бір бөлігін тапсыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, жиналыс барысында Екібастұз-Майқайың автомобиль жолын республикалық меншікке тапсыру бойынша жұмыстар басталғаны мәлім болды. Алдағы аптада облыс әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты аймақ басшысы аталмыш жолға жөндеу жұмыстарын  жүргізу бйынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді жылдамдатуды тапсырды.

Барлық жаңалықтар