Астанада Қазақстан-грек бизнес-форумы өтеді

7 Қыркүйек, 2016 08:41
Греция Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Димитрис Мардастың Қазақстан Республикасына іссапары шеңберінде, а.ж. қыркүйек айының 26 жұлдызында Астана қаласында екі елдің ресми тұлғалары мен іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-грек бизнес-форумы өткізіледі.

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, аталмыш іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Грек іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, сонымен қатар грек тарапына Казақстанның 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы мен экономиканың әлеуетті салаларындағы инвесторларға арналған ынталандыру топтамасының таныстырылымы және В2В форматындағы екіжақты кездесулер.

Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ.

Жоғарыда аталған іс-шара щеңберінде құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек өндіру, медициналық жабдықтар, ауыл шаруашылық, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы компаниялардың өкілдері қатысады.

 

Барлық жаңалықтар